Кенжебекова Ақмарал Игілікқызы Атырау облысы, Жылой ауданы, Шоқпартоғай ауылында дүниеге келген. 1991 жылы №3 орта мектепті күміс медальмен бітірген. 1991 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Физика факультетіне түсіп, 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін физика мамандығымен бітірді.2014 жылы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетін физика магистрі дәрежесімен бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Қызылорда облысы № 121 жалпы орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі болып бастады. 2004 - 2017 жыл аралығында Алматы энергетика және байланыс университетінде ассистенттен аға оқытушыға дейін қызмет атқарды. 2017 жылдан бастап ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасындада аға оқытушы болып жұмыс істейді. 2024 жылы "6D061100-физика және астрономия" мамандығы бойынша «Ақ ергежейлі жұлдыздардың айналасындағы тозаңды бөлшектердің динамикасы: орбиталық эволюция және атмосферадағы диффузия» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Жалпы еңбек өтілі – 29 жыл, ғылыми-педагогикалық өтілі – 20 жыл.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
20.06.2024 |
3
құжаттар
2